11 наурыз, сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысында – жалпы ұзындығы 189 км құрайтын 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)
1. «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елді мекені (жүк және қоғамдық көлік үшін)
Қызылорда облысында – жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол.(Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» – Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол.
(жаңбыр, көктайғақ)
1. «Қызылорда-Павлодар» – Қызылорда обл.шекарасы-Талап а.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.