spot_img
14 C
Алматы
Басты бетБас тақырып"Ифтар емес, ауызашар деп айтайық" - Бас мүфти

“Ифтар емес, ауызашар деп айтайық” – Бас мүфти

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында өзгеріске еніп кеткен сөздер туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Сырттан келген сөздер бар ғой. Мысалы “Сәресін” жастар сухур деп кетті. Ауызашарды – ауызашар деп айтайық, оны кейбіреулер ифтар деп атап кеткен жағдайлар болды. Әрине, кейбір сөздер ағылшын тілінде, кейбірі орысша айтылып жатады. Ал біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік деген мақсатта осыны үндеулерде айтып жатырмыз”, – дейді Бас мүфти.   

Айта кетейік, Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Биыл оның ұзақтығы – 30 күн. Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Соңғы мақалалар

Оқуға