spot_img
8 C
Алматы
Басты бетӘлемдеАлматы облысында қанша жер мемлекетке қайтарылды?

Алматы облысында қанша жер мемлекетке қайтарылды?

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы ауданы 35.5 мың гектар болатын 20 пайдаланылмайтын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталған жерлер жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бизнес үшін жер учаскелерін бөлу жəне қолжетімділік мəселелері бойынша жемқорлық тəуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау шеңберінде анықталған. «Осылай Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімдерімен мемлекет меншігіне Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауданы 247,4 гектар 1 учаске, Жамбыл ауданы бойынша ауданы 29.2 мың гектар 8 учаске, Іле ауданы бойынша ауданы 931.6 гектар 1 учаске, Қарасай ауданы бойынша ауданы 7 гектар 1 учаске, Кеген ауданы бойынша ауданы 1.5 мың гектар 1 учаске, Талғар ауданы бойынша ауданы 558.1 гектар 1 учаске жəне Қонаев қаласы бойынша ауданы 2.9 мың гектар 7 учаске қайтарылды», – делінген хабарламада.

Соңғы мақалалар

Оқуға