spot_img
5 C
Алматы
Басты бетӘлемдеМАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ

МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ

Жақында Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Сыпатаев пен ақын, жазушы Шаяхмет Құсайынұлы Балтабай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кешті Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпбекова жүргізді. Серік Сыпатаев аға ұрпақ өкілі мен жастар арасындағы сабақтастық, әке мен ананың қоғамдағы орны, оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар арасындағы өзара байланыс туралы ой қозғады. Ардагерлердің мектеп оқушыларымен жиі кездесу өткізіп, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтары, қазақтың салт – дәстүрін сіңіру, оларды имандылыққа, ибалылыққа тәрбиелеу жөнінде мазмұнды іс-шаралар өткізудің қажеттігін айтты. Оқушылар тарапынан Серік Сыпатаевқа әр түрлі сұрақтар қойылып, оған тұщымды жауап алынды. Бұдан соң Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Шаяхмет Құсайынов өз өлеңдерін оқыды. Кездесу соңында «Алатау ардагері» газетіне жазылу мәселесі көтерілді.

Өз тілшімізден. Еңбекшіқазақ ауданы.

Соңғы мақалалар

Оқуға