spot_img
20 C
Алматы
Басты бетӘлемдеӘКЕ-ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

ӘКЕ-ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

23 қараша күні Кеген ауданындағы Тұйық ауылдық округінде «Әкенің қамқорлығы таудан биік» атты әкелер форумы болып өтті. Форумға аудан әкімі Н.Теңізбаев қатысып, сөз сөйледі.

Аудан әкімі әкенің отбасындағы, қоғамдағы атқаратын рөліне кеңінен тоқталды. -Отбасында әкенің орны айрықша,-деп бастады өзінің сөзін аудан әкімі.-Өйткені, әке-сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, бала-шағаны асырайтын, оларға жақсы тәлім-тәрбие беруге міндетті адам. Әке-асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз-отбасы мүшелерін әртүрлі бәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен қарау баланың басты парызы болмақ. Бұдан соң Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Нұғман Алмасбек «Әкенің қамқорлығы таудан биік» атты баяндама жасады. Форумда аудандық әкелер кеңесі құрылып, оның төрағасы сайланды. Әкелер форумында арнайы көрме ұйымдастырылып, соңынан ауыл көркемөнерпаздарының күшімен қойылған концерт тамашаланды. Иә, қазақ даласында ертеден ер балаларды бітімгерлікке, шешендікке, ерлікке, батырлыққа баулитын әкелер мектебі болған. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақал содан қалса керек.

Өз тілшімізден.

Кеген ауданы

Соңғы мақалалар

Оқуға