spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады

Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады

Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған #AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті.

Шарада #AUYLSPORT жобасының ауылдық аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі мен маңызы, алдағы жоспарлар және өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық ақпарат ұсынылды. Жобаны «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы таныстырды.

Таныстырылымға еліміздің спорт саласындағы мақтанышы, танымал спортшылар, Олимпиадачемпионы Ермахан Ибраимов пен джиу-джитсудан сегіз дүркін Әлем чемпионы Жібек Құлымбетова және өзге де спортшылар қатысты.

#AUYLSPORT жобасының негізгі мақсаты:

– Ауылдық балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту;

– Спортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту;

– Ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жаңа дағдыларды үйрету.

Атап өту керек, жоба аясында 6 спорт түрін қамтуды көзделуде. Олар:

– бокс;

– күрес;

– каратэ;

– баскетбол;

– волейбол;

– шахмат.

«Елдегі спорт саласындағы жетістіктерді, көрсеткіштерді олимпиада ойындарымен байланыстыратынымыз жасырын емес. Олимпиада жүлдегерлерінің басым көпшілігі ауылдан шыққан спортшылар екен. «Халық» қайырымдылық қоры #АуылФутбол жобасын қолдау барысында кездескен мәселелерді назарға ала отырып және ауылдық елді мекендерде футбол ғана емес басқа да спорт түрлерін дамытуға үлес қосу үшін #АуылСпорт жобасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің барлық өңіріен 6 спорт түрі бойынша 12 мыңға жуық ауыл баласын қамту көзделуде», – деп атап өтті шарада «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Жоба қалай жүзеге асады?

Біріншіден, өңірлер аумақтарға бөліп, топтастырылған. Әр аймаққа координаторлар бекітілген.

Мамбетов Серік Болатұлы – оңтүстік өңірлер бойынша координатор (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары);

Лекеров Айдос Сайранұлы  – батыс өңірлер бойынша координатор (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары);

Нургужин Дәурен Дулатұлы  – солтүстік өңірлер бойынша координатор (Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары);

Ілиясов Алмас Әділұлы  – шығыс және орталық өңірлер бойынша координатор (Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары).

«Жоба аясында жоғарыда айтқан 6 спорт түрінен 8-14 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында аймақтық турнирлер мен осы турнир жеңімпаздары арасында республикалық қорытынды жарыс ұйымдастыру, жаттықтырушыларды оқыту, олардың біліктілігін арттыру, тақырыптық семинарлар өткізу, судьялар ісіне, коммуникациялық дағдыларға және әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге үйрету, турнир женімпаздарымен жүлдегерлерін спорттық формалар мен жаттығу құралдарымен қамтамасыз ету, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, республикалық турнир жеңімпаздарын беделді республикалық және халықаралық турнирлерге қатысуын қамтамасыз ету, жыл қорытындысымен жобаның үздік спортшыларын марапаттау, #AUYLSPORT АWARDS сыйлығын тағайындаудың салтанатты іс-шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр», – дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Бокс, күрес және каратэ спорты бойынша аймақтық турнирлер 4 салмақ дәрежесі бойынша (40 кг дейін, 40-50 кг, 50-55 кг, 55 кг және жоғары), баскетбол және волейбол 2 жас аралығы бойынша қыздар және ұлдар (10-14 жас аралығы және 14-17 жас аралығы), шахматтан 4 жас аралығы бойынша (6-8, 8-12, 12-14, 14-тен жоғары) жүргізіледі.

Өңірлік лиганың жеңімпаздары спорттық форма және жаттығу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Республикалық қорытынды лиганың жеңімпаз спортшылары мен командаларына арнайы орындарда оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, шарада Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Halyk» қайырымдылық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум ауылдық жерлерде спортты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңін бастайды.

Айта кетейік, бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді.

Сондай-ақ, 2016 жылы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен құрылған «Halyk» қоры, осыған дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Соңғы мақалалар

Оқуға