spot_img
5 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес шаһардағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу көзделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған жалпы сомасы 173225,58 инвестициялық бағдарламасы бектілді. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен көшпелі баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығын газға қосу мәселесіне «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС тікелей жауапты. Олар келер жылға дейін газ тарту жұмыстарын жүргізетін болады. Қазіргі таңда серіктестікпен Қонаев қаласындағы 4-ші ықшам ауданында ұзындығы 2,82 км болатын газ тарту желілері салынған. Көгілдір отынның қызығын бір ғана ықшам ауданда 787 абонент көріп отырған жайы бар.

«Біздің міндетіміз инвестициялық бағдарлама негізінде көпқабатты тұрғын үйлерге газ тарту. 2023 жылы Қонаев қаласындағы 4-ші ықшам аудандағы бірқатар үйлерге газ тартылды. Бізге бөлінген 35 млн 800 мың теңгені толықтай игердік. Биылда 4-ші ықшам ауданды толықтау газға қосу үшін жұмыс жасап жатырмыз. Жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Келесі жылы екінші ықшам ауданда орналасқан тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасын табады»,- дейді «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС-нің қаржылық директоры Қайыржан Уразалин.

Мамандардың айтуынша, 2024 жылдың соңына дейін Қонаев қаласының 3,4,5 ықшам аудандарында алаңішілік газ кіргізу желілерінің жұмысы аяқталады. Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде іске асатын жұмыстарға 39 млн 432 мың теңге қаржы қарастырылған. Жұмыс жоспар бойынша жүргізіліп, жыл соңына дейін тағы 765 абонент көгілдір отынды тұтынатын болады.

Соңғы мақалалар

Оқуға