spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар2024 жылға сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?

2024 жылға сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?

2023 жыл аяқталуға жақын. Сақтандырылмаған азаматтардың әлі де алдағы 12 айға жарна төлеп сақтандыру жүйесіне қосылуға мүмкіндігі бар. Жарнаны жыл соңына дейін төлеген азаматтар 9 мың теңге үнемдеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы.
Хабарламаға сүйенсек, 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге тең. Ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5 пайызын төлейтін дербес төлеушілердің ай сайынғы жарнасы биыл 3500 теңгені, бір жылдың жарнасы 42 мың теңгені құрайды. Ал, келер жылдан бастап ЕТЖ мөлшері 85 мың теңгеге жетпек. Яғни, дербес төлеушілер аударатын ай сайынғы жарна 4250 теңгеге, бір жылдың жарнасы 51 мың теңгеге жетпек.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өткен немесе алдағы 12 айға жарна аударып, сақтандыру мәртебесін ала алады. Әлбетте, алдағы жылдың жарнасын қазір төлеп қойған тиімді. Ол үшін 2024 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына дейін жарна аудару қажет. Жыл соңына дейін алдағы 12 айдың жарнасын бұрынғы мөлшерлеме бойынша төлеу арқылы 9 мың теңге үнемдеуге болады», – делінген хабарламада.
Сақтандыру жүйесі мен төлемдер жайлы толық мәліметті МСҚ-ның fms.kz ресми сайтынан алуға болады.

Сақтандыру мәртебесін төмендегі байланыс арналары арқылы білуге болады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• Halyk мобильді қосымшасы
• BCC.KZ мобильді қосымшасы
• Kaspi.kz мобильді қосымшасы
• Электронды үкімет порталы egov.kz

Соңғы мақалалар

Оқуға