ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙДЕ МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 220 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «ҚАЙРАН, НАРЫН…» АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КҮЙШІЛЕР МЕН ТЕРМЕШІЛЕР САЙЫСЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде XIX ғасырдағы жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі, күйші, композитор Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қайран, Нарын…» Алматы қалалық күйшілер мен термешілер сайысының марапаттау рәсімі өтті. Сайысқа қаламыздағы түрлі оқу орындарынан 30-дан астам студент қатысты. Сайысқа төрелік еткен:
Қазылар алқасының төрайымы: ҚР Халық артисі Айгүл Үлкенбаева;
Филология ғылымдарының докторы , профессор Ғарифолла Әнес;
ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор Төлепберген Тоқжанов;
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова;
ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы.
Сайыстың Гран при жүлдесін – Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консеваториясының студенті Қызылғұлов Қанат жеңіп алды.
Домбыра номинация бойынша:
1-орын Зинор Нұрай,
2-орын Саятұлы Нұрали, Сариев Қайырбек,
3-орын Ақихат Ләззат.
Терме номинация бойынша
1-орын Дауылбаев Аманжол,
3 орын Амангелдиева Перизат.
Жеңімпаздарға кемер белбеу, қалқан, қыздарға арналған ұлттық әшекейлер секілді ерекше сыйлықтар табыс етілді.
Шара аясында Орталық музей ұйымдастырған #Махамбет220 челленджінің қатысушылары марапатталды.
Челленджді Қазақстанның халық әртісі, белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева бастап, Махамбет Өтемісұлы домбырасының дәлме-дәл көшірмесімен «Жұмыр қылыш» күйін орындаған болатын. Өнер иесі челленджді ары қарай өнердегі әріптестеріне, еліміздің өнер ұжымдарына жолдады. Махамбет бабамыздың рухы бойына сіңген көптеген өнер қайраткерлері, ақындар, күйшілер мен дәстүрлі әншілер, филармониялар меноркестр ұжымдары челленджді ары қарай жалғастырып, бүгінге дейін 27 өнер ұжымынан 1000-нан аса адам атсалысты.
Орталық музей ұжымының атынан осы бір игі бастамаға қолдау көрсеткен әрбір қатысушы ҚР Мәдениет министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.