spot_img
14 C
Алматы
Басты бетӘлемдеАРДАГЕРЛЕР - ПАТРИОТТЫҚТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

АРДАГЕРЛЕР – ПАТРИОТТЫҚТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Жақында Алматы облыстық ардагерлер ұйымының президиум отырысы болып өтті. Бұл отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттері жөніндегі Қостанай облысында өткен Республикалық ардагерлер бірлестігі қоғамының көшпелі кеңесіндегі негізгі мәселелер туралы Алматы облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Ілияс Сейтбекұлы Сүгіров баяндама жасады.

Қостанай облысында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттері туралы республикалық көшпелі-кеңесінде, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Б.Ізмұхамбетов баяндама жасады, – деп бастады өз сөзін Ілияс Сейтбекұлы.-Бақтықожа Салахадинұлы баяндамасында ел Президентінің Жолдауына қысқаша тоқталып, республика ардагерлеріне төмендегідей міндеттерді қойды: 1.Әділетті қоғам құру үшін Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау көрсетіп, белсене араласу. Президентіміздің бастамаларын жұртшылыққа түсінікті жеткізе алатын, жалпы әлемдегі ахуалдан хабары мол, елге беделді, айтары бар ардагерлерден мобильді топтар кұру. 2.Жастар тәрбиесіне ықпал ететін шараларға ерекше көңіл бөлу. 3.Ұлттық дәстүрімізді, мәдени-рухани құндылықтарымызды дәріптейтін шараларға көбірек атсалысу. Жастардың бойында патриоттық сезімді оятатын, рухани дүниелерді көптеп насихаттау. 4.Дін мен дәстүрге қатысты шараларға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге қатысты шараларға мән беру. Өздеріңіз байқап отырғандарыңыздай, біздер алдағы уақытта маңызды жұмыстарды жүзеге асыруымыз қажет. Ол үшін облыс ардагерлері бар күш-мүмкіндігін жұмылдырады деген сенімдемін. Алматы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов аудандардағы ардагерлер ұйымы жанынан «Алатау жастары» топтарын құрып, олардың жұмысын ұйымдастыру жөнінде сөз сөйледі. – Өздеріңіз хабардар болғандарыңыздай «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестік төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Б.Ізмұхамбетов біздің алдымызға үлкен міндеттер қойып отыр,-деді өз сөзінде Ерболат Сапарұлы.- Мұның өзі біздерге деген үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ендігі жерде Президент Жолдауын халыққа кеңінен наксихаттау мақсатында мобильдік топтарды құру қажет. Бүгінде бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізілуде. Жастар тәрбиесі де бізде күн тәртібінен түскен емес. Оның жарқын мысалы Қарасай ауданында өткен «Атадан қалған асыл сөз» атты конференцияда байқалды. Конференцияда облыстық ардагерлер ұйымы жанынан «Алатау жастары» қоғамдық ұйымының тұсауы кесілген болатын. Ол ұйымға Алматы облысының түрлі саладағы белсенді жастары мүше болып кірді. Жастардың бойында патриоттық сана-сезімді жандандырып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, кәсіпкерлікпен айналысатын және өнерлі, спортшы жастарды қолдау мақсатында құрылған ұйымға ардагерлер тарапынан жан-жақты көмек қажет болады. Аға ұрпақ өкілі жастарға үлгі-өнеге мен жол көрсетіп, бағытбағдар беріп отырады. Жалаң сөзбен ғана емес, нақты ісіміз, үлгі-өнегеміз, өмірлік тәжірибеміз арқылы жастарды еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу, олардың бойларына ұлттық құндылықтарымызды тереңінен сіңіру-біздің басты міндетіміз. Өйткені жастар біздің атқарған жұмысымызға қарап ой түзейді, бой түзейді. Жастардың қоғамдық ұйымы алқасының тізімі баспасөзде жарияланды. Қазіргі уақытта ұйым жұмысының ережесі дайындалып жатыр. Осыған орай әрбір ауданда және Қонаев қаласында «Алатау жастары» ұйымының топтарын немесе филиалын құру қажет. Баршаңызға белгілі облыста және аудандарда жастардың резервтік орталықтары жұмыс істейді. Алайда, қазіргі уақытта облыста Жастар басқармасы құрылуда. Сіздер аудандағы жастар орталығымен бірлесе отырып, топ құрсаңыздар бұдан еш ұтылмайсыздар. Біз қайткенде де жастарды қоғамдық жұмыстарға көбірек тартып, олардың белсенділігін арттыруымыз қажет. Бұдан соң облыстық ардагерлер ұйымының жауапты хатшысы М.Беласарова аудандар мен Қонаев қаласында жылдық қорытынды жиналыстарды өткізу тәртібіне тоқталды. Мая Масхұтқызы аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдарының есепті жиналыстарын өткізгендігі және мемлекеттік мекемелер, түрлі қоғамдық ұйымдар өткізген мәдени-бұқаралық іс шараларға белсене қатысқандығы жөніндегі мәлеметтерді дер кезінде облыстық ардагерлер ұйымына беріп отыруы жөнінде өз ұсынысын айтты. Сол сияқты президиум отырысында Б. Бірбаев, Б.Меңдіқұлов, С.Досымбеков, Ә.Исаев, А.Беспаев, М.Бекбосынов сынды ардагерлер сөз сөйлеп, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеу, дінді құрметтеу жөнінде пікір таластырып, өз ойларын ортаға салды. Президиум отырысын қорытындылаған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов арнайы дайындалған «Алматы облысының Құрметті ардегері» төсбелгісін көрсетіп, ондай марапатқа кімдердің лайық екедігін айтты. Ардагерлердің патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болып, аға ұрпақ өкілінің ақыл-кеңестері мен өмірлік тәжірибесінің әрдайым үлкен маңызға ие екендігіне баса мән берді. Ерболат Сапарұлы сондай-ақ «Алатау ардагері» газетіне жазылу барысына кеңінен тоқталды.

Р. АЙДАРБЕКОВА.

Соңғы мақалалар

Оқуға