spot_img
14 C
Алматы
Басты бетӘлемдеАДАЛ ЕҢБЕК ЕТКЕННIҢ КӨҢIЛI ШАТ

АДАЛ ЕҢБЕК ЕТКЕННIҢ КӨҢIЛI ШАТ

Еңбек – адамның рухани жəне дене күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тəжірибені пайдаланып, тиісті құрал саймандар жəне жұмыс тəсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс қимыл процесі.

Іс – қимыл, жұмыс істеу кемелденген социализм кезінде болған əрекет. «Еңбек етпеген, ішіп-жемейді» деген қағидамен жүрдік емес пе?! Қазіргі таңда барлық адамдар өз қабілетіне орай өзі сүйіп істейтін кəсіппен айналысуда. Өз кəсібін жақсы жолға қойып, бар ынта –жігермен жұмыс істеп, ел құрметіне бөленіп жүрген жандар бізде көптеп саналады. Солардың бірі – кəсіпкер Жалилов Ялқунжан. Жалиловтар отбасын бүкіл республика біледі. Ялқунжанның əкесі мен шешесі де-білікті кəсіпкерлер. Ялқунжан – əке мен шешеге қарап өскен жігіттердің бірі. COVID – 2019 кезі бүкіл халыққа ауыр тиді ғой. Сол кезде Ялқунжан көптеген қайырымды істер жасады. «Оң қолым бергенді сол қолым көрмесін» деген қағида бойынша Ялқунжан өз істерін айтудан ұялды. Мен бұл жерде жұрттан естіген жақсылық пен қайырымдылық туралы айтып отырмын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қазақ халқында сөз бар. Осындай еңбекшіл адамның істеген ісінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс деп ойлаймын. Өзі жұмыс істейтін жеке кəсіп істеуде қиыншылықтары болды. Ол нəрсені жеңе білді. Қазіргі кезде кейбір жастармен əңгімелесе қалсаң «жұмыс жоқ» деген жалаң сылтау айтады. Ялқунжанның еселі еңбегі-жастарға үлгі, өнеге. Ялқунжанның еңбекшіл болуы əкесі Хапуз бен анасы Злəхəмнің арқ асы, үлгі-өнегесі. Ел тəуелсіздік алған жылы əке-шеше бастаған кəсіпкерлік əлі күнге жалғасуда. Анасы Злəхəммен көп бірге боламыз. Ол кісі-аудандағы Ұйғыр этно мəдениеті жанынан құрылған «Нұраний аналар» кеңесінің төрайымы. Злəхəм һəдə кəсіп ашу кезіндегі қиындықтарды жыр қып айтып отырады. Мен кейде ертегі тыңдағандай болам. Ялқунжан-көп сөйлемейтін, барлық нəрсені іспен дəлелдейтін жігіт. Адам психологиясына тəн бір нəрсе бар. адамдар өздері тап болған жайлы жағдаяттар неғұрлым ұзаққа созылған сайын, соғұрлым арқа-бастары кеңіп, жоқшылықтың жөнін танып, бардың қадір-қасиетін бағалаудан қалады. Мұның мысалын осы күнгі жастар арасынан жиі кездестіруге болады. Олар қазіргі өздеріне қолайлы жайлы тұрмыстың қалай жасалғанын елестете алмайды жəне оңан талпынбайды да. Ол үшін күресу керек екенін де ойламайды. Бүгінгі жастардың бір тобы жанын қинамай, қамсыз өмір сүріп, ырду-дырдумен уақыт өткізуді мұрат санайды. Бірақ олар қатты қателеседі, өйткені еңбексіз келген ондай бақыт баянды болмайды, ол көп ұзамай, опық жегізеді. Ең жаманы, Абай атам айтқандай, адамды аздырады. Адал еңбек еткеннің көңілі шат болары анық. Еңбек адамның жан дүниесін жаңғыртып, жігерін жанып, ой-қиялына қанат бітіретін бірден-бір құдыретті күш. Осы күш Ялқунжанның бойында бар. Екі немересінің нағашы атасы болған Ялқунжан-көп жастарға үлгі. Əже ретінде ісіне табыс тілеймін!

Рая САРТОЛОВА, Ұйғыр ауданынының құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, аудандық ардагер əжелер кеңесінің төрайымы.

Соңғы мақалалар

Оқуға