spot_img
15 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарИпотеканың соңы: Қазақстанда тұрғын үй алу мүмкіндіктері азаяды – сарапшы

Ипотеканың соңы: Қазақстанда тұрғын үй алу мүмкіндіктері азаяды – сарапшы

Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламалары сыйақы мөлшерлемелеріне қойылған шектеулерге байланысты қазақстандықтар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Соның салдарынан тұрғын үй алу тек жеңілдетілген бағдарламалар арқылы ғана мүмкін болмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ҚР Ұлттық банкі бұған дейін бірлескен қаулымен ипотекалық мөлшерлемелерді төмендету нормаларын 2025 жылдың 1 қарашасына дейін тоқтатқан болатын.

Осылайша, 2025 жылғы 1 қарашадан бастап тұрғын үйге берілетін ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20%-дан аспауы тиіс (қазіргі шекті мән – 25%).
Сонымен қатар жуырда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді.

Тәуелсіз сарапшы Андрей Чеботаревтяң айтуынша, мұндай қадамдар нәтижесінде Қазақстанда коммерциялық ипотека мүлде тоқтауы мүмкін, ал нарықта тек жеңілдетілген бағдарламалар ғана қалады.

Неліктен банк сізге 20%-бен ипотека бере алмайды? Егер базалық мөлшерлеме 18% болса, банк 20%-бен несие бере алмайды, өйткені маржа тым аз, бұл тәуекел мен шығындарды өтемейді. Есіңізде болсын, банктердің өз қаржысы жоқ, олардың қолындағы ақша салымшылардікі. Банк салымшыларға пайыз төлеуі керек, дефолт тәуекелдерін жабуы керек, операциялық шығындарды және акционерлерге пайда әкелуі қажет. 2 пайыздық маржа бұл шығындарды өтемейді, әсіресе 20% – бұл ЖТСМ, ал TONIA (ақшаның құнының ставкасы) 19%-ға дейін жетуі мүмкін, – деді экономист.

Оның айтуынша, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан аспаған жағдайда банктер ипотека беріп табыс таба алмайды, сондықтан олар мұндай өнімдерді нарықтан алып тастауы мүмкін.

Нәтижесінде қазақстандықтарға тек жеңілдетілген ипотекалар мен “Отбасы банкінің” ұсыныстары ғана қолжетімді болуы ықтимал. Себебі екінші деңгейлі банктердің өз ипотекалық бағдарламаларының тиімді болуы үшін кем дегенде 4-6% маржа қажет, ал ЖТСМ бойынша жаңа шектеулер енгізілген жағдайда олар бұл пайданы ала алмайды, – деді ол.

Соңғы мақалалар

Оқуға