spot_img
8 C
Алматы
Басты бетӘлемдеЕҢБЕГIНЕН БАҚЫТ ТАПҚАН

ЕҢБЕГIНЕН БАҚЫТ ТАПҚАН

Адам баласы өмірге келеді. Бірақ өмір бəріне бірдей табақ тартпайды. Өмірдің қиындығы мен қызығы тең беріледі. Өмірдің қиындығын көрсе де, ерекше құштарлықпен өмір сүргісі келетін адамдарды мен жеке басым құрметтеймін.

Арбада екі аяғы жоқ жігіт пен қыз вальс билеген кезде мен ерекше сезімде болғанмын. Аяқ-қолы сау, денсаулығы күшті адамдардың өмірде кішкене қиындыққа шыдамай, өз өмірін қиғысы келетіндердің əрекеті мені таңқалдырады. Денсаулықтары жоқ, бір мүшесінен айрылған адамдардың өмірге деген құлшынысы ерекше. Осындай адамдарға біздің мемлекетте ерекше қамқорлық жасалған. Еліміздің əр мүмкіндігі шектеулі азаматтарына əлеуметтік қызметкер бөлінген. Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде əлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. Əлеуметтік сала еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып саналады. Əлеуметтік қызметкерлер күні дегеніміз-өзгелердің мəсе ле лерін шешіп, олардың шеші міне көмектесетін адамдардың мерекесі. Əлеуметтік қызметкерлер-адамгершілік қасиет-əдептілігін меңгерген, жалпы адами құндылық мəнін түсінетін, сенімді, мейірімді, қамқоршы, əділетті адамдар. Олардың бойында сөзге берік қасиеттері болуы керек. Əлеуметтік қызметкерлер дің ішінде өз ісін жақсы білетін, адам жанын түсінетін қызметкерлер де бар. Солардың бірі Нұрмұханбетова Нұрсана Орынбайқызы дер едім. Нұрсананың өзінің осы салада істегеніне 18 жыл болыпты. «Бəріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» деген қағидамен жұмыс істеген оған өз қамқорлығына алғандардың туған – туыстары риза. Əлеуметтік қызметкерлер үйде арнайы əлеуметтік қызмет көрсету стандартына сəйкес бірнеше қызмет түрлерін көрсетеді. Нұрсана өз ісін жақсы білгендіктен барлық қызметті ерінбей атқарады. Нұрсана өзі қамқорлық көрсетіп жүрген Ерданат екеуін жұма күні мешітте кездестіріп қалдым. Əр жұма сайын олар жұма намазға бірге барады екен. Өзі қамқорлығына алған алты бала Нұрсананы ерекше жақсы көретіні көрініп тұр. Осы еңбегі еленіп Нұрсана бірнеше марапаттарға ие болған. Мекемеде өтетін іс-шаралардың басы-қасында болу – Нұрсана үшін басты міндет. Қандай іс-шара болмасын соның үдесінен шығуына Нұрсана атсалысып отырады. Қашан көрсең де ақ жарқын, ақ пейіл, шындықты тура айтатыны анадайдан көрініп тұр. Көпшіліктің ризашылығына бөленіп, алғыс алып жүрген Нұрсананың алатын асулар əлі де алда деп ойлаймын. Ерінбей еңбек еткен бəрін де жеңетіні ақиқат екені даусыз. Олай болса, сол бағыттан танбай, адами бақытын еңбектен тауып келе жатқан қарапайым еңбек адамына «ел алғысына бөлене бер» дегім келеді.

Рая САРТОЛОВА, Ұйғыр ауданы ардагер əжелер кеңесінің төрайымы.

Соңғы мақалалар

Оқуға