Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жүргізуші куәлігінен айырылмайды. Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz-ке ресми жауапта Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған. Сондай-ақ, ІІМ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабы бойынша құқықбұзушылықтың...
Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста қанды ісік анықталған. Дәрігерлер бірден ота үстеліне әкеліп, сүйекті сақтай отыра ісіктің көзін жойған....
Талдықорғанда Жеңіс саябағы аумағында «Таза Қазақстан» акциясына орай сенбілік шарасы өтті. Оған антиядролық қозғалыс белсенділері, мүгедектер мен «Семей полигоны» ҚБ және «Жетісу өңірінің Чернобыль апатынан зардап шеккендер одағы» ҚБ ардагерлері қатысты.
Дәл осы жерден бір жыл бұрын барлық Семей мен Чернобыль құрбандарын еске алуға арналған...
Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жас ғалымдардың білімін насихаттайтын дәстүрлі «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы болып өтті. Ғылым мен білімнің қара шаңырағына алыс-жақын шетел студенттерімен қатар, өз еліміздің білікті жоғары оқу орындарынан жас ғалымдар, магистрант, докторант, студенттер келіп қатысты. Философия кафедрасы «Жаңа Қазақстан жастарының құндылықтары туралы...
Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай...
Охотзоопромқызметкерлері киіктер дроннан шошып, суға батқанын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында Охотзоопром қызметкерлерінің ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) пайдалану арқылы киіктердің өліміне себеп болды деген жалған ақпарат таратылған.
"Осыған байланысты біз ресми түрде мәлімдейміз, бұл факт шындыққа сәйкес келмейді. Батыс Қазақстан облысының...