spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар«КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫНА АРДАГЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСТЫ

«КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫНА АРДАГЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСТЫ

Талдықорғанда Жеңіс саябағы аумағында «Таза Қазақстан» акциясына орай сенбілік шарасы өтті. Оған антиядролық қозғалыс белсенділері, мүгедектер мен «Семей полигоны» ҚБ және «Жетісу өңірінің Чернобыль апатынан зардап шеккендер одағы» ҚБ ардагерлері қатысты.

Дәл осы жерден бір жыл бұрын барлық Семей мен Чернобыль құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш орнатылған еді.

Облыстық ардагерлер және мүгедектер қоғамының жетекшісі Мұстафа Құсайынов:

 – Өткен жылы 15 қыркүйекте облыстық әкімдіктің қолдауымен ескерткіш ашылды. Облыста «Семей», «Чернобль» апатының зардабын шеккен азаматтар көп. Бүгінгі қайырымды іске ардагерлер де өз үлесін қосып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиенің негізін көрсетуде. Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» атауымен өтіп жатқан тазалық акциясының маңызы өте зор. Біз өз тарапымыздан әрбір ескерткіш киелі мекен санатына жатады. Сол себепті де Семей, Чернобль ардагерлері акцияға белсене атсалысып, тазалық жұмыстарын атқарудамыз. Дәл осындай шара облыстың барлық ауданында өтіп жатыр және оған аудандық ардагерлер де атсалысуда.  

Ардагерлердің сөзіне сүйенетін болсақ бұл жұмысқа жүйелі түрде қатысып, экологиялық тазалықпен қашан да бірге екендіктерін көрсетті. Ескерткіш маңайы толықтай қоқыстан тазартылып, қалаға көрік беретін нысанның келбеті тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлайтындай.

Соңғы мақалалар

Оқуға