spot_img
-5.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАдал полицей: балалар көзімен

Адал полицей: балалар көзімен

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлерінің балалары арасында «Менің әкем (анам) – менің мақтанышым!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. «Адал полицей» акциясы аясында өткен іс-шара «Оқушылар сарайында» өтті.
Байқау бала жүрегіндегі таза сезім мен шынайы мақтаныштың көрінісіне айналды. Кішкентай қатысушылар әр суретінде ата-анасының батылдығын, адалдығын және Отанға қызмет етудегі жауапкершілігін өз қиялымен, балалық шынайылығымен жеткізе білді.
Жас суретшілер шығармаларында ата-аналарының формамен қызметте жүрген сәттерін салған, сонымен қатар көбісі өздерін полиция қызметкері ретінде бейнелеген.

Әділқазылардың шешімімен сурет салу байқауының 10 жасқа дейінгі балалар арасында І-орынды полиция аға лейтенанты София Шегебаеваның қызы Аруназ Абсаттар, ІІ-орынды Сафиянұр Пернеханқызы, ІІІ-орынды Мақтаарал ауданынан келген Хадижа Гулиева иеленді.
Ал 11 жастан 14 жасқа дейінгі балалар арасында І-орынды полиция майоры Жандос Аймахановтың қызы Шұғыла Амангелді, ІІ-орынды Мақтаарал ауданынан келген Айару Оңалбай, ІІІ-орынды Кентау қаласынан Мөлдір Құдайберген қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға департамент бастығының алғыс хаты мен естелік сыйлықтары үлестірілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға