Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қысқаша айтқанда, Қызылорда облысы барлық кезеңде қарқынды дамып келеді. Өңірдің жағдайы жақсы деп сеніммен айтуға болады. Бұл — облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді әрі мақсатты жұмысының нәтижесі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.

