spot_img
-1.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарПолицейлер 16 миллион теңге қарызы бар көлікті анықтады

Полицейлер 16 миллион теңге қарызы бар көлікті анықтады

Полицияға республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тас жолында іздеуде жүрген маркасы «Хавал» автокөлігінің банк есебіне өтелмеген 16 миллион теңгеден астам қарызы бар деп белгі берілді. Ақпарат бойынша бірден іске кіріскен патрульдік полиция батальонының қызметкері аталмыш көлікті тоқтатты.

Белгілі болғандай, ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты. Ол соңғы 9 айдан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен. Көлік Ордабасы ауданындағы арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция облыс тұрғындарына қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заң аясында шара көрілетінін хабарлайды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға