spot_img
-0.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар"Мемлекеттен қайтарымсыз грант әперемін" деп 8 тұрғынды алдаған әйелдің ісі сотқа өтті

“Мемлекеттен қайтарымсыз грант әперемін” деп 8 тұрғынды алдаған әйелдің ісі сотқа өтті

Жетісайлық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Күдікке ілінген әйел жәбірленушіге кәсіп ашуға арналған бизнес жоспар жасап, мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендірген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған 1,5 миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған әйел түрлі сылтаулар айтып, тіпті бір жылға жуық уақыт алдап келген.
Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің осыған ұқсас тағы 7 фактіге қатысын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгені құрады. Ол алған қаражатты бас пайдасына жаратып жіберген.
Қазіргі таңда оның ісі сотқа өтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға