spot_img
-0.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарПолиция ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3900 дерегін анықтады

Полиция ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3900 дерегін анықтады

Жұртшылықты «нөлдік төзімділік» қағидатына дағдыландыру, ұсақ бұзақылықтарға жол бермеу бағытында Түркістан облысының полицейлері жан-жақты алдын алу шараларын атқаруда. Қоғамдық орындарды ластау жайттарына қарсы бейнебақылау камералары арқылы анықталған құқық бұзушылықтарға дер кезінде ден қойып, ескерту берілуде.

Мәселен Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен Түркістан қаласында қоғамдық орындарға қоқыс қалдықтарын тастаудың, темекі өнімдерін қалдырудың 3900-ге жуық жайты анықталды. Аталған құқық бұзушыларға «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабымен әкімшілік шара көрілді.

Осы тұста облыс тұрғындарына әр құқық бұзушылыққа төзбеушілік – тәртіп пен бейбіт өмірдің бастауы екенін ескертеміз. Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға