spot_img
4 C
Алматы
spot_img
spot_img
Басты бетЖаңалықтарШаштараздың алдынан велосипед ұрлап кеткен ер адам анықталды

Шаштараздың алдынан велосипед ұрлап кеткен ер адам анықталды

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шаштаразда орын алған ұрлық қылмысын ашты.

Анықталғандай, жәбірленуші кешкі сағат 20:00 шамасында велосипедін шаштараздың алдына қойып, шашын алдыруға ішке кірген. Ол іште болған кезде жолдан өтіп бара жатқан ер адам қараусыз қалдырылған «STЕLS» маркалы велосипедті жымқырып кеткен. Содан соң ұрланған бөтеннің мүлкін үйіне жасырып қойған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан айғақты затты алып, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі таңда ер адамның бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға