spot_img
6 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарЕЛДІККЕ БАСТАҒАН ҚАДАМ

ЕЛДІККЕ БАСТАҒАН ҚАДАМ

Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.

Елім деп еңіреп,жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған. Сондықтан қазіргі уақытқа дейін, Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Осы орайда еліміздің болашағы жас ұрпақты тәуелсіз елдің ұланы ретінде тәрбиелеу отбасындағы тәрбие мен білім ордасындағы білім мен тәрбиенің ұштасқан шыңы болмақ. Бүгінгі таңда Іле ауданы, №44 орта мектебінде оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, республика күнін насихаттай отырып, ұлтжанды болашақ ұрпақты қалыптастыру мақасатында, мектеп директоры Қ.Д. Адетовтың басшылығымен, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.Ермекбаева мен С. Бексаутованың қатысуымен 18-24 қазан аралығы «Рәміздер – мақтанышым» онкүндігінің ашылуы жарияланды. Қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 9-10
сынып оқушыларына «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында
эссе байқауы ұйымдастырылды Еңбек пәні мұғалімідерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-балалар көзімен» шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлттық құдылықтарымызды дәріптеу мен тәуелсіз елдің ұранын ту ете отырып, қазіргі таңда мектеп қабырғасында үздіксіз тәрбиелік жұмыстар атқарылуда. 21 қазан күні мектеп оқушыларынан құралған өзін-өзі басқару ұйымдарының мерекелік құттықтау челленджі басталып, 22 қазан күні мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Мектеп ұжымының қатысуымен 18 қазан аралығында «Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында мектеп түлектері 9-10-11 сыныптар
ағаш отырғызу шарасын жалғастырды. Еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-балалар көзімен» атты балалар шығанмашылық көрмесі ұйымдастырылды. 2-4 сынып оқушылары
арасында «Гүлдене бер, Республикам менің» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. 1-11 сынып оқушыларына жаппай «Менің Республикам» сынып сағаттары өткізіліп, еліміздің тәуелсіздігі мен қалыптасу кезеңдері кеңінен насихатталды. Тарих және география бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Елімнің көрікті жерлері» тақырыбында танымдық-саяхаттар ұйымдастырылды. Еліміздегі айтулы мерекелерді ескере отырып, тәуелсіз ел нышандарын насихаттау, еліміздің егеменділігін туы ете отырып, болашақ ұрпағымыздың ұлтжанды, мәдениетті, білімді болуына мектеп ұжымы үнемі ат салысып келеді. Осы орайда мектеп үстаздарының еңбегі өте зор деуге болады. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары әртүрлі байқауларға, меркелік іс-шараларға, зияткерлік ойындарға қатысып,
жүлделі орындарды иеленіп келеді. Мемлекетіміздің біртұтас болуы,
егеменділіктің болашаққа бастар нақты қадамы деп айтуға болады. Осындай шұрайлы жері бар, іргесі биік халқы бар жерде өсіп жатқан
біздің ұрпағымыз бақытты деуге болады. Осы орайда мектеп ұжымы ұрпағымыздың саналы, білімді, бәсекеге қабілетті, құзіретті, жанжақты болуына бағытталған жұмыстар жалғасын таппақ.
М. Ж. СҮЛЕЙМЕНОВА,
Көкқайнар ауылы,
№44 орта мектебі,
география пәні мұғалімі

Соңғы мақалалар

Оқуға