Түркістан қаласының полицейлері алаяқтық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Күдікті ер адам танысының сеніміне кіріп, «мүгедектігіне шығарып беремін» деп алдын ала ақша алған.
Осылайша 8 адамды құрығына түсіріп, 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Полицейлер күдікті ер адамның жәбірленушілерден алған ақшаны жеке басына жұмсап жібергенін анықтады.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі