spot_img
4 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарДүкенде сауда жасаған жас қыз дүкеншіні алдап кеткен

Дүкенде сауда жасаған жас қыз дүкеншіні алдап кеткен

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен жас қызды анықтады.

Белгілі болғандай, дүкенге келген қыз жаңа “Samsung” маркалы ұялы телефонды алдап алып кеткен. Яғни дүкен иесі сатып алушы қыздың тауардың ақшасын сәл кейінірек толық төлеуге уәде берген сөзіне сеніп, ұялы телефонды берген.

Алайда бір ай уақыт өтседе бойжеткен ұялы телефонның ақшасын төлемей, байланыссыз кеткен.

Полицейлер жас қыздан қолды еткен ұялы телефонды сатып жібергенін анықтады.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға