spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы» фотокөрмесі ашылды

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы» фотокөрмесі ашылды

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы» фотокөрмесін ашты.
Фотокөрме келушілерді Мажарстанның 5 қаласында орналасқан Пеш, Сигетвар, Эгер, Шиклош қалалары мен Будапешттегі Мажарстанның аса маңызды исламдық сәулет өнері ескерткіштерімен – мешіттермен, мұнаралармен, түрбе-қабірханалармен және моншалармен таныстырады. Бұл ескерткіштер венгр тарихының 150 жылдық османдық кезеңін бейнелейді.

Салтанатты шараны ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипова ашып: «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Мажарстанның Бас Консулдығы 15 жылдан бері музей жұмысының барлық бағыттары бойынша жемісті ынтымақтастық орнатып, көптеген ғылыми жобалар мен көрмелер ұйымдастырды. Соның нәтижесінде музей келушілері Қазақстан мен Мажарстанның тарихымен, мәдениетімен танысты. Аталмыш көрме де музей қонақтарының қызығушылығын оятып, Осман кезеңіндегі Мажарстан тарихының жаңа беттерін ашатынына сенімдімін», – деді.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Мажарстан елшілігінің Консулы Петер Шиклошу және Алматы қаласындағы Түркия Республикасы елшілігінің Бас Консулы Эврен Мудеррисоглу мырзалар сөз алып, Мажарстанда исламдық сәулет ескерткіштерінің ғасырлар бойы сақталып қалуы қос ел арасындағы тарихи сабақтастық пен мәдени ынтымақтастықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.
Фотокөрмеге Мажар тарихының Осман кезеңіндегі ескерткіштерін бейнелейтін фотосуреттер қойылды.

Соңғы мақалалар

Оқуға