spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов баспасөз мәслихатында баяндады.

Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы шаралар жыл басынан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл облыс аумағындағы 1404 жолға тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою үшін жол жөндеу мекемелеріне тиісті нұсқамалар жіберілген.

“Тексеру нәтижесінде 272 мекеме мен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды,”– деді Еркебұлан Ахметов.

Жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Облыс жолдарында 4252 жаңа жол белгісі орнатылып, 16 бағдаршам іске қосылған. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне де ерекше көңіл бөлініп, 12 өткелге жарықшамдар орнатылып, қосымша жасанды кедергілер жасалған.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің маңындағы жол қауіпсіздігі де назардан тыс қалмаған. Жаңа оқу жылы қарсаңында 476 мектеп пен 1161 мектепке дейінгі мекеменің маңындағы жолдар тексеріліп, олардың жағдайы жақсартылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Соңғы мақалалар

Оқуға