spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар“Мұндай жұмыс бұрын-соңды болмаған“. Тоқаев жөнделген жол туралы айтты

“Мұндай жұмыс бұрын-соңды болмаған“. Тоқаев жөнделген жол туралы айтты

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Мемлекет басшысы жөнделген жол туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күрежолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды.

2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын. Әрине, мұнда саннан гөрі сапа маңыздырақ. Сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал. Бұл жұмысқа қоғамдық бақылауды күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосқан жөн. Онда барлық жолды, соның ішінде қала аумағындағы жолдарды салуға және жөндеуге қатысты ақпарат болуы керек”, – деді Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді

Отырыс Астанада өтіп жатыр.

Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.

Жаңа саяси маусым: Президент Жолдауы несімен маңызды?

Сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік. 

Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде: 

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды
  • Көлік министрлігі қайта құрылды
  • Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілді
  • Ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын аудит жасалатыны айтылды
  • “Келешек” ерікті жинақтау жүйесі пайда болатыны айтылды
  • Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдады
  • Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетіні айтылды
  • Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатыны айтылды
  • АЭС салу референдум арқылы шешілетіні айтылды
  • 2024 жылы ұлттық төлем жүйесін толық енгізу тапсырылды
  • “Отбасы банктің” қызметін қайта қарау тапсырылды
  • Қазақстанға шетелдік үш банк келетіні айтылды
  • Су тапшылығы қашан сезілетіні айтылды
  • Инвесторлар салықтан босатылатыны айтылды
  • Туризм саласында нақты тапсырмалар берілді
  • “Ұлттық қор – балаларға” жобасы қолға алынды

Соңғы мақалалар

Оқуға