spot_img
14 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпТоқаев: Банктер туралы жаңа заң керек

Тоқаев: Банктер туралы жаңа заң керек

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Мемлекет басшысы банктер туралы жаңа заң керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды.

Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс”, – деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді

Отырыс Астанада өтіп жатыр.

Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.

Жаңа саяси маусым: Президент Жолдауы несімен маңызды?

Сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік. 

Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде: 

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды
  • Көлік министрлігі қайта құрылды
  • Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілді
  • Ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын аудит жасалатыны айтылды
  • “Келешек” ерікті жинақтау жүйесі пайда болатыны айтылды
  • Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдады
  • Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетіні айтылды
  • Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатыны айтылды
  • АЭС салу референдум арқылы шешілетіні айтылды
  • 2024 жылы ұлттық төлем жүйесін толық енгізу тапсырылды
  • “Отбасы банктің” қызметін қайта қарау тапсырылды
  • Қазақстанға шетелдік үш банк келетіні айтылды
  • Су тапшылығы қашан сезілетіні айтылды
  • Инвесторлар салықтан босатылатыны айтылды
  • Туризм саласында нақты тапсырмалар берілді
  • “Ұлттық қор – балаларға” жобасы қолға алынды

Соңғы мақалалар

Оқуға