spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТәрбие бар жерде ғана, сапалы білім саналы ұрпақ болады

Тәрбие бар жерде ғана, сапалы білім саналы ұрпақ болады

Қоғамның өзекті мәселелерінің бірі, осы дамыған өркениет  заманында технологияны игеруімізге байланысты. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған əшекей бұйымдары, ежелгі дəуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бəрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.  

Бүгінгі дамып жатқан өркениетті қоғамдағы қазақ ұлтының технологияны иегере алмауына шетелдік білімді толық алмағындығы емес, өзінде бар тарихты еңсеріп, бойына сіңдіре алмай отырған мамандарға қаратылған ескертпе деуге болады. Себебі, бізде «Қазақ – көшпелі халық» деген өзгермейтін түсінік қалыптасқан. Түсінік дұрыс, алайда көшпелі даланың мәдениеті мен өзіндік даму стратегиясы, технологиясы жоқ деген сөз емес.

Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге мүмкіндігіміз бар. Рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенсек, рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Тәрбиенің жалпы негізі рухани — азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани — азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым — қатынас кезінде бала бойына даритыны белгілі. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің қоғам алдындағы борышымыз. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Үштілділікті меңгерген адам ештеңеден ұтылмайды.  Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену. Тұңғыш Прдентіміз айтқандай «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу».  Себебі өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет және дамыған елдердің көшін бастауымыз керек.

Руслан Сембаев,                        

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу  университетінің аға оқытушысы   

Мөлдір Мәлікқызы,

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу  университетінің аға оқытушысы

Соңғы мақалалар

Оқуға