spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында медициналық мекеменің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

Алматы облысында медициналық мекеменің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

Бүгін Іле ауданы Байкент ауылында орналасқан отбасылық денсаулық орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында құрылған орталықта 12 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.
Аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын денсаулық орталығында 35 кабинет бар. Онда 20 дәрігер және 34 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
-Отбасылық денсаулық орталығында акушер-гинеколог, хирург, невропатолог, эндокринолог, окулист, травматолог-ортопед, кардиолог, онколог, ЛОР, уролог, стоматолог сияқты бейінді мамандар халыққа көмек көрсетеді. Орталық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ зертханалық-диагностикалық қызметтер де көрсетеді, – деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы.
Зертханалық-диагностикалық қызметтер қатарында УДЗ, рентген, флюорография, ЭКГ және зертханалық талдаулар жасалады. Сонымен қатар күндізгі стационар, оңалту орталығы жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құрылған «Еламан» отбасылық денсаулық орталығы 2020 жылдан бастап Байкент ауылының тұрғындарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді.

Соңғы мақалалар

Оқуға