spot_img
12 C
Алматы
Басты бетӘлемдеҚазақстанда боран мен қар көшкіні қаупіне байланысты республикалық маңызы бар төрт жол...

Қазақстанда боран мен қар көшкіні қаупіне байланысты республикалық маңызы бар төрт жол жабылды

13 наурыз сағат 18.30-дағы жағдай бойынша қолайсыз ауа райына екі облыста республикалық маңызы бар төрт автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі “ҚазАвтоЖол”-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында қар, боран мен екпіні күшті желге байланысты жалпы ұзындығы 61 шақырым болатын бір автожол жабылды:

“Екатеринбург-Алматы” – ААП Жібек жолы-Қарағанды обл. шек. (автокөліктің барлық түрі үшін).
Қарағанды облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жалпы ұзындығы 293 шақырым болатын үш автожол жабылды:

“Екатеринбург-Алматы” – ААП Теміртау-Аксу-Аюлы ауылы;
“Қызылорда-Павлодар” – Қарағанды қ.- Молодёжный аулы;
“Екатеринбург-Алматы” – Ақмола обл. шек.-ААП Теміртау (автокөліктің барлық түрі үшін).
Республикалық маңызы бар автожолдарда 763 бірлік техника және 1 765 адам жұмылдырылды.

Соңғы мақалалар

Оқуға