spot_img
14 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпСуды тиімсіз пайдаланатындарға жауапкершілік күшеюі мүмкін

Суды тиімсіз пайдаланатындарға жауапкершілік күшеюі мүмкін

Үкімет отырысында су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын таныстырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның пікірінше, бүгінде су саласындағы нормативтік-құқықтық база қоғам мен мемлекеттің қазіргі талабы мен сұранысына жауап бермейді. Сондықтан бұл концепцияны нақтылап, суды тиімсіз пайдалантындарға жауапкершілікті күшейту керек.

“Жаңа Су кодексінің жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Сондай-ақ, қазіргі құқықтық, экономикалық, еліміздегі экологиялық қатынастарға сәйкес:

Бірінші. Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын жаңарту;
Екінші. Судың “қара нарығын” жою жөніндегі, оның ішінде су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті заңнамалық деңгейде қатаңдату арқылы шараларды күшейту;
Үшінші. Жеке тұлғалардың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және кәсіпорындардың тиімді су тұтынуын ынталандыратын су тұтыну мен су бұрудың кеңейтілген нормаларын жаңарту керек”, – деді Нұржан Нұржігітов.
Аяз Есен

Соңғы мақалалар

Оқуға