spot_img
11 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпАстанада 9-сынып оқушысы теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан

Астанада 9-сынып оқушысы теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан

Астанада мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан оқушының ата-анасы жазаланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға педагог хабарласқан. Ол 9-сынып оқушысы қоңырау кезінде басқа оқушыларға мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратып жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері келген.   

Оқушы әзіл ретінде компьютермен жазып, қағаздарды таратқанын мойындаған. Полиция соталды тергеу бастады, қажет сараптама тағайындалған. 

Баланың ресми өкілдері – ата-анасына әкімшілік шара қолданылған. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.

Соңғы мақалалар

Оқуға