spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ АТА-АНАСЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ АТА-АНАСЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

💠 Полиция қызметкерінің жүктемесі көп, міндеті ауыр. Қоғамдағы әрбір қозғалыс пен аудан тұрғындарының тыныштығы олардың жіті бақылауында. Еліміздің тыныштығын күзетіп, қауіпті жағдайлардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтауда полицейлердің еңбегі орасан зор. Ал бұндай маңызды қызметке лайық, болашағынан үміт күттіретін қызметкерлердің қатарға көптеп қосылуы ата-ана берген тәрбиесінің жемісі.

🔹Бүгін Ордабасы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Азат Оралбаев, полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыспен күресте қырағылық танытқан полицейлердің ата-аналарына мерекелік құттықтауын жеткізіп, ұл-қызына тәлім-тәрбие мен озық үлгі-өнеге бергені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, жұмыстың сәтті басталып, нәтижелі аяқталуы да отбасындағы жылу мен қолдауының арқасында екенін жеткізді.

🔸Салтанатты іс-шарада бірқатар тәртіп сақшылары кезекті шендерін алып, ата-аналар аудан халқының тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларының қатарында өзі тәрбиелеген ұл-қызының бар екеніне қуанғанын толқыныспен жеткізді. Ал осындай отбасылық маңызы бар іс-шараны ұйымдастыруға ықпал етіп, назардан тыс қалдырмаған полиция бөлімі бастығы Ғалымжан Саттарұлына алғыстарын білдірді.

💠Мереке қарсаңында ата-ана мен бала үшін ерекше қуанышқа толы салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Соңғы мақалалар

Оқуға