spot_img
22 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпГенерал құттықтауы ішкі істер органының ардагері мен қызмет бабында қаза тапқан полицейдің...

Генерал құттықтауы ішкі істер органының ардагері мен қызмет бабында қаза тапқан полицейдің балаларына жеткізілді

Түркістан облысында Жаңа жыл мерекесі алдындағы іс-шаралар барысында ІІО ардагерлеріне, қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше құрмет көрсетілді.

Генерал сыйлығын табыстау үшін полицияның басшы құрамы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері мерекенің символы Аяз ата мен Ақшақар бірге арнайы құттықтауға шықты.

Олар ІІО-ның ардагері, 1985-2010 жылдары Түркістан ІІБ қабылдау-тарату бөлімшесінің бастығы лауазымын абыроймен атқарған, отставкадағы полиция майоры Мадалы Муханов пен Кентау қалалық полиция бөлімі №10 учаскелік полиция пунктінде учаскелік полицей болып жұмыс жасап, қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Расул Наршабаевтың отбасында болып қайтты.

Олар полиция ардагерінің қал-жағдайын біліп, жұлдызы ерте сөнген қызметкердің ұл-қызымен әңгімелесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кездесу барысында облыстың бас полицейінің құттықтауы жеткізілді. Қонақ болып барған полицейлердің отбасының ұйытқысы болып отқан отаналарына гүл шоқтары, ал балаларға жаңа жылдық тәттілер үлестірілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға