spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарПолиция ауыл тұрғынына бір ай бұрын жоғалтқан телефонын бірнеше сағат ішінде тауып...

Полиция ауыл тұрғынына бір ай бұрын жоғалтқан телефонын бірнеше сағат ішінде тауып берді

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан ұялы телефонының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамның айтуынша, ол базарға барған кезінде “Oppo A15” маркалы ұялы телефонын жоғалтқан. Ауыл тұрғыны бір ай бойы өздігінен іздегенімен, таба алмай полициядан көмек сұрады.

Хабарламаны алған Келес АПБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрбол Шадиев жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Полицейлер жақын маңдағы аумақтарды, сондай-ақ ұялы телефон дүкендерін тексерді.

Нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жедел уәкіл сатушылардың бірінен жоғалған ұялы телефонды тауып, заңды иесіне қайтарды. Келес ауданының тұрғыны тәртіп сақшысына жеделдігі мен кәсібилігі, сондай-ақ көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкіне мұқият болуға және ұялы телефондар мен бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға