spot_img
15 C
Алматы
Басты бетӘлемдеАлматы облысында Қонаев академиялық қалашығы салынады

Алматы облысында Қонаев академиялық қалашығы салынады

Ғылым жəне жоғары білім министрлігі Алматы облысында Қонаев академиялық қалашығы салынатынын мəлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таяуда Қонаев қаласында Алматы облысының əкімдігі, ҚР Ғылым жəне жоғарғы білім министрлігі, «Qonayev Academic Campus» Fund» комерциялық емес ұйымы басшылықтарының жəне БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Өзара ынтымақтастық туралы» үшжақты меморандумға қол қою рəсімі өтті. Аталған құжатқа облыс əкімі М.Е. Сұлтанғазиев, министр С.Нұрбек жəне Қордың директоры Ж.Рахмани қол қойды. Бұл уағдаластыққа ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қонаев қаласында «Қонаев академиялық қалашығын» салу жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізіліп отыр. Келісім шеңберінде қалашық аумағына 2023-2024 жылдарда толық инфрақұрылым жүргізу, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржылар тарту арқылы 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін көшіру (1-кезеңде) жəне шетелдік төрт университетті ашу (2-кезеңде), ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ үйлер салу, жұмыстары атқарылатын болады.

Соңғы мақалалар

Оқуға