spot_img
14 C
Алматы
Басты бетӘлеуметАРДАГЕРЛЕРДIҢ алдағы мiндеттерi айқындалды

АРДАГЕРЛЕРДIҢ алдағы мiндеттерi айқындалды

27 қазан күні Қостанай қаласында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Орталық кеңесінің «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Əділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын жүзеге асыруда Ардагерлер ұйымының алдағы міндеттері туралы» республикалық көшпелі кеңесі өтті.

Кеңеске Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов бастаған Орталық кеңестің төралқа мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстары филиалдарының басшылары, Қостанай облысының əкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы, осы облыстың ардагерлер активі жəне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Бақтықожа Салахатдинұлы алдымен еліміздің ұлық мерекесі өткен – Республика күнімен құттықтап, ардагер əріптестеріне Мемлекеттік наградалар тапсырды. Б.Ізмұхамбетов кеңесте сөйлеген сөзінде «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы, əділетті қоғам қағидасы секілді ұғымдарды жиі айтып келеді. Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде: Əділетті Қазақстанды құрамыз десек, «əділдік жолы – ең қиын жол» екенін ұмытпауымыз керек», десе, былтырғы Жолдауында «біз жаңа кезеңге қадам бастық» деп, «Əділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тұжырымдамасын ұсынды. Құрылтайдың екінші отырысы «Əділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Биылғы Жолдауда «Əділетті Қазақстанның- экономикалық бағдары» туралы айтылды. Президентіміз, əділ əрі озық Мемлекет құруды көздейді. Өзгерістер де аз емес. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сəтті жүзеге асып келеді. Біздің басты міндетіміз-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының реформаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға белсенді араласу. Қоғамдағы болып жатқан жаңалықтарды өңірлерде тұрғындарға барынша түсінікті жеткізу. «Бүгінгі бас қосуымыз «Əділетті мемлекетті» қолдайтын алдағы жоспарымызды айқындайтын, маңызды кеңес болады деп ойлаймын», – деді. Бұдан əрі мемлекет басшысының Жолдауда айт қандарына орай, ардагерлер ұйымында, алдағы жұмыстарда бірнеше бағытты басты назарға алуды тапсырды. Атап айтқанда, мемлекеттің ішкі мəселелеріне қолдау көрсетіп, белсене араласу, ел ішінде тұрақтылықты қамтамасыз ету, алдағы жұмыс жоспарларында жастар тəрбиесіне ықпал ететін шараларға арнайы көңіл бөлу, ұлттық дəстүрімізді, мəдени-рухани құндылықтарымызды дəріптейтін шараларға көбірек атсалысып, жастардың бойына патриоттық сезімін оятатын рухани дүниелерді көптеп насихаттауға көңіл бөлу, дін мен дəстүрдің мəселелеріне мұқият болу, ел іргесінің беріктігіне атсалысу аға буынның басты міндеттерінің мызғымас бөлігі болып қала беретініне тоқталып, мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Соңғы мақалалар

Оқуға