spot_img
20 C
Алматы
Басты бетӘлемде"Міржақып. Оян, қазақ!" отандық комедиялар мен шетелдік фильмдерді басып озып, 107 миллион...

“Міржақып. Оян, қазақ!” отандық комедиялар мен шетелдік фильмдерді басып озып, 107 миллион касса жинады

“Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі комедиялық фильмдерді басып озып, бірнеше миллион касса жинады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәдени және спорттық шараларға билет сатуға арналған Тикетон платформасының мәліметінше, өткен аптаның қорытындысы бойынша, “Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі бірінші орынды иеленді. 

Яғни фильм 107 067 000 теңге касса жинап, бірінші орынға шыққан. Екінші орында отандық комедиялық фильм – CocoJanbo (62 572 000 теңге), үштікте – “Изгоняющий дьявола: верующий” фильмі (45 371 000 теңге). 

Фото: instagram.com/ticketonkz

Еске салайық, 6 қазанда “Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі прокаттан алынып тасталған болатын. Артынша шығармашылық топ бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Фильм режиссері Мұрат Есжанның сөзінше, фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды.

Қызу талқылаудан кейін “Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі қайтадан кинотеатрларға прокатқа шығатын болды. Бұл туралы осы жобалардың бас продюсері Айсәуле Әбілда айтты. Оның сөзінше, көрермен сұранысына байланысты фильм көрсетілімі тағы бір аптаға ұзарған.

Соңғы мақалалар

Оқуға