spot_img
8 C
Алматы
Басты бетӘлемде"Қазақстан халық жазушысы" атағы қайта беріледі

“Қазақстан халық жазушысы” атағы қайта беріледі

Сенаторлар “Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңды мақұлдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжат аясында “Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы”, “Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы” және “Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы” заңдарға түзетулер енгізілген.

“Қазақстанның халық жазушысы” атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі. Сондай-ақ ұлт әдебиетін жаңа деңгейге көтерген, әдеби шығармашылық ортаның ең жоғарғы сыйлығы болады”, – деді депутат Геннадий Шиповских Сенаттың жалпы отырысында.

Сенаторлар заң жобасын мақұлдады.

Соңғы мақалалар

Оқуға