spot_img
8 C
Алматы
Басты бетӘлемдеКомандамен ауысу: жаңа министр бұрынғы орынбасарын өзімен алып кеткен

Командамен ауысу: жаңа министр бұрынғы орынбасарын өзімен алып кеткен

Су ресурстары және ирригация министрлігі Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерболат Ибрайхановтың су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, қыркүйектің басында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын. Ол әкімдіктегі бұрынғы қарамағындағы қызметкері Ерболат Ибрайхановты жаңа министрлікке орынбасары етіп тағайындады.

Министрліктің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, Ерболат Ибрайханов тариф саясаты мен құрылыс мәселелерін қадағалайтын болады. Оның өзіне сеніп тапсырылған салада сауатты маман екені айтылды – оның монополияға қарсы реттеуде көп жылдық тәжірибесі бар.

“Ол осы салада 17 жылдан аса жұмыс істеді, бұл оның білімін тарифтік саясатта қолдануға мүмкіндік береді. Ол әкімнің орынбасары ретінде құрылыс мәселелеріне жетекшілік етті”, – деді ведомство өкілдері.

Соңғы мақалалар

Оқуға