spot_img
-3.1 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Сіздерді Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке-Республика күнімен құттықтаймын!
Бүгінде араға біраз жылдар салып «25 қазан – Республика күні»
ұлттық мереке ретінде бекітілді. Бұл күн – ата-бабамыздың арманы жүзеге асып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Республика
күні-халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
Алдыңғы буын аға-әпкелеріміздің егеменді ел болуға ұмтылған
ерен ерліктері бүгінгі күні егеменді ел жастарының жарқын істерімен,
жалынды бастамаларымен өз жалғасын табуда. Республика күнінің
қазіргі өскелең ұрпақ үшін маңызы жоғары.
Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам
қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді. Демократиялық
үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға
бағытталған бұл өзгерістердің біздер үшін де маңызы зор болмақ.
Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі
бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз
бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ», деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.
Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар
белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар!
Біз-байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Қазақстаннан
басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз айқын, мақсатымыз ортақ. Біз
тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз.
Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық,
бақ-береке тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын! Еліміздің
мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай беруіне тілектеспін!
Ерболат ТҰРЫМБЕТОВ,
Алматы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Алдыңғы мақала
Келесі мақала

Соңғы мақалалар

Оқуға