spot_img
-4.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарЖаслан Мәдиев: Алатау қаласы - «ақылды қала»

Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы – «ақылды қала»

Жұмыс сапары аясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Алатау қаласының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізді. Кездесуге цифрлық даму министрігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алматы облысы мен Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері қатысты. 
Халықпен кездесу барысында министр облысты қолжетімді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде IT-саланы дамыту бөлігінде жүргізіліп жатқан жобалар мен жұмыстар туралы айтты. 
Мемлекет басшысы Алатау қаласын флагмандық жобамен айқындады. Дәл осы жерде жетекші халықаралық іскерлік хабқа айналатын жаңа интеграцияланған мегаполис салу жоспарлануда.
Цифрлық даму министрлігінің басшысы Алатау қаласы «Ақылды қала» екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру және автоматтандыру барлық маңызды процестерді қамтиды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар денсаулық сақтау, жол және көлік, қауіпсіздік және басқа да көптеген салаларда қолданылатын болады. Жоғары жылдамдықты интернетті кеңінен енгізу сымды, талшықты-оптикалық және сымсыз қол жеткізу арналарын қамтиды.
«Алматы облысында қазірдің өзінде ақылды технологиялар енгізіліп, «Smart City» тұжырымдамасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында "109" бірыңғай байланыс орталығы, "Алсеко" бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмыс істейді, барлық автобустарда электрондық билеттеу жүйесі іске асырылды. Мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның жедел басқару орталығына кіруді басқару және бақылау камералары орнатылған», - деді Жаслан Мәдиев.
Сондай-ақ, министр Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі өңірлік Alatau Hub ашу болып табылатынын атап өтті. Ол Astana Hub білім беру және инкубациялық бағдарламаларын тарататын болады. Жақын арада хабта ойын әзірлеу және дизайн негіздері бойынша білім беру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ компьютерлік сауаттылық, цифрлық маркетинг және электрондық коммерция бойынша арнайы курстардың бірлескен бағдарламасын іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ, министр Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі өңірлік Alatau Hub ашу болып табылатынын атап өтті. Ол Astana Hub білім беру және инкубациялық бағдарламаларын тарататын болады. Жақын арада хабта ойын әзірлеу және дизайн негіздері бойынша білім беру курстарын өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 ХҚКО жұмыс істейді, оның ішінде 1 арнайы ХҚКО, 42 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және 32 Мемлекеттік корпорацияның БЭК-офисі бар. Айта кетейік, 2023 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қызметкерлері 798 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 4 айында 295 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен.
«Бүгінгі таңда Алатау қаласы халқының қажеттіліктерін Қазпошта бөлімшесі ішінара жабады, онда 27 қызмет түрі көрсетіледі. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімдікпен бірлесіп Алатау қаласында ХҚКО бөлімшесін ашу мәселесі пысықталды, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін ала алады», - деді Арман Кенжеғалиев.
Сонымен қатар, кездесуге Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов ұялы байланыс пен интернетті дамыту жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда Алматы облысында 384 елді мекен бар, оның ішінде 319 ауыл 4G-ге қосылған.
«Министрлік Алматы облысының әкімдігімен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп 2023-2027 жылдарға арналған байланыс және мобильді интернет сапасын жақсарту бойынша Жол картасын әзірлеп, қол қойды. Сондай - ақ, шекаралас 52 ауылда ұялы байланыс пен Интернеттің сапасын жақсартуға ниетті», - деп атап өтті Ержан Мейрамов. 
Сонымен қатар, брифинг барысында министрге облыстың елді мекендеріндегі ұялы байланыс, интернет, жасанды интеллект, ұялы байланыс туралы сұрақтар қойылды.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға