Бүгін Жетісу облыыс бойынша Жетісу «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен «Таза бейсенбі» эко-акциясы жалғасын тапты.
Аталған акцияға облыс бойынша 10 мыңға жуық адам қатысты, 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 490 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
Талдықорған қаласы бойынша Қаратал өзенінің бойындағы «Подхоз» елді мекенінің маңына, “Аманат” партиясының, «Жетісу жастарының», «Жастар рухы» жастар қанатының, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 300-ден астам адам жұмылдырылды.
Сенбілік барысында саябақтарды, скверлерді, үйлердің, көшелердің, тротуарлар мен арықтарды тұрмыстық, өсімдік қоқыстарынан және құрғақ шөптерден тазарту жүргізілді.