Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судьяға қарсылығын айтты.
“Қарсылығымды айтуға рұқсат етіңіз. Бұл ұқсас жағдай. Дәл қазір сіз прокурорға Бишімбаевтың айғақтарын оқуға тыйым салдыңыз, өйткені ешқандай қайшылық жоқ және мен жаңа ғана айтқан нормаларды келтірдіңіз. Алайда, бұл жағдайда жәбірленуші тарапқа осыған рұқсат бересіз. Осыған байланысты сіздің тарапқа айтуға мәжбүрмін”, – деді Ғазымжанов.
Алайда судья қорғаушының қарсылығын қабылдамады.
“…Қорғаушы процеске қатысушыларды жаңылыстырды, бірінші жағдайда соталды тергеп-тексеру кезінде сотталушының айғақтарын жария етуді көздейтін 368-баптың нормасы келтірілген. Ал қазір қылмыстық іс материалдарын зерделеу туралы айтып отырмыз. Қорғаушы, сот сізге алқабилер мен сотқа қатысушыларды жаңылыстырғаныңыз үшін ескерту жасайды. Сіздің қарсылығыңыз қабылданбайды. Жәбірленушінің өкілі, өтінемін”, – деп жауап берді судья Айжан Кулбаева.
Алайда қорғаушы Ғазымжанов жәбірленуші тараптың адвокатының сөзін тағы да тоқтатып, сөзін жалғастырды.
“Құрметті сот, мұндай жағдайда сіздің тарапыңызға қарсылық білдіруге…”, – деп Ғазымжанов мәлімдей бастады, алайда судья Кулбаева Бишімбаевтың қорғаушысының сөзін бөлді.
“Сот сізге ескерту жасайды, қорғаушы. Соттың бірнеше рет ескертуіне қарамастан қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормасын бұзғаныңыз үшін. Сот отырысына қатысушылардан орнынан тұруды сұраймын. Алқабилердің шығуын сұраймын”, – деді судья.