spot_img
24 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Алматы қаласы “Оқушылар сарайы” және Медеу аудандық әкімшілігінің ұйымдатыруымен  8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі атап өтілді.

Бұл мереке бұрынғыдан өзгерек. Себебі ұйымдастырушылар концертті “Open air” форматында өткізді. Яғни іс-шараны өткізу 4 түрлі жерде орын алды.

Бірінші концерт өткізілген орын. 200 адамға арналған орындықтар қойылып, жұртшылық 3 сағат тегін концерт көрді. Тіпті түрлі ойындарға қатысып, мерекеге арналған сыйлықтарға ие болды.

Екінші сауда алаңы:  Аудан кәсіпкерлері келушілерге қолданбалы өнердің бірегей бұйымдарын, қолөнер бұйымдарын, сондай-ақ әйелдер косметика желісінің өнімдерін ұсынды. Қыз-келіншектерге қолдан жасалған бұйымдарды әспеттеп жасаудың қыр-сыры үйретілді.

Үшінші ойын алаңы: Кішкентай қонақтарға, электронды шағын вагондар, велосипедтер, паравоздарды жалға берілді. Сондай-ақ, балалар көптеген ойыншықтармен ойнау мүмкіндігіне ие болды. Одан өзге концертке келушілердің көңілінен шыққан фотоға түсу аймағы. Концерттке келген тұрғындар арқа-жарқа көңіл-күймен ерекше әсер алды.

Арнайы Алматы қаласы, “Оқушылар сарайы” және Медеу аудандық әкімшілігімен ұйымдастырылған іс-шараға 1000- нан астам тұрғын қатысты.

Соңғы мақалалар

Оқуға