spot_img
-4.1 C
Алматы
Басты бетБас тақырып40-тан аса бала есірткі таратқаны үшін ұсталған

40-тан аса бала есірткі таратқаны үшін ұсталған

Былтыр синтетикалық есірткі таратқаны үшін 40-тан аса кәмелетке толмаған бала ұсталған. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Тек 2023 жылы синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 40-тан аса кәмелетке толмаған бала ұсталды. Алайда биыл қаңтардың өзінде 4 кәмелетке толмаған жауапқа тартылды. Мысалы, кеше жедел іздестіру іс-шарасы барысында Ақтөбе қаласында орта мектептің 9-сынып оқушысы ұсталды. Тінту жүргізу кезінде кеудешесінің қалтасында жалпы көлемі 48 дана түйіншек (синтетикалық есірткі -еск.) табылды”, – деді Бақытжан Әмірханов ІІМ-де өткен брифингте.

Ол ата-аналар мен балаларға ескерту жасады.

“Заңда есірткі өткізгені үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік барын және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын атап өту керек. Мұндай шешімді қабылдау бәрінен бұрын осы балалардың ата-аналары, олардың туысқандары тарапынан қоғамдық резонанс туғызатыны айтпаса да түсінікті… Алайда ата-аналар, мұғалімдер және қалғандары есірткі таратумен айналысатын тұлғалар жеңіл жолмен ақша табу үшін ауыр және аса ауыр қылмысқа қасақана баратынын түсінуі керек”, – деді ІІМ өкілі.

Аяз Есен

Соңғы мақалалар

Оқуға