spot_img
-4.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталықтарының саны 7-ден 75-ке дейін өсті

Алматы облысында медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталықтарының саны 7-ден 75-ке дейін өсті

Халыққа көрсетілетін медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай іс-шаралар жоспары бекітілді.
Осы бағытта Алматы облысында 2023 жылы ауқымды жұмыс жүргізілді. Облыс алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша көшбасшылар қатарында. Өңірде ДДҰ бастамасы бойынша Алматы облысының Есік қаласында алғашқы медициналық көмек қызметін ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Платформа жергілікті аудандық аурухана базасында ашылды. Мұнда медицина қызметкерлерінен басқа психологтар да жұмыс істейді. Мұндай тәжірибені Орталық Азия мемлекеттерінің мамандары зерттеп, аталған тәжірибені дамыту бағытында жоғары баға берді.
Жалпы, ағымдағы жылы облыстың медициналық объектілерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының саны жетіден жетпіс беске дейін, фельдшерлік – акушерлік пункттердің саны алпыс сегізден жетпіс тоғызға дейін өсті.
Дәрігерлік амбулаториялар саны 11-ге, медициналық пункттер саны 17-ге артты. Егер бұрын 80 болса, бүгінгі күні 97 болды.
Сонымен қатар Кеген ауданы А.Нүсіпбеков ауылының дәрігерлік амбулаториясы және Райымбек ауданы Көмірші ауылының медициналық пункті пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ауылдардағы 11 блокты-модульдік кешендерді орнату аяқталды. Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізілді.
“СК Фармация” ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы жалпы сомасы 4 005,0 млн. теңгеге 14 бірлік медициналық жабдықты сатып алды. Оның ішінде медициналық жабдықтың бірлігі үшін құны 20 млн. теңгеден астам, оның ішінде үш МРТ аппараты, бір КТ аппараты, екі артроскопиялық қондырғы, сараптамалық сыныптағы бес УДЗ аппараты, бір цифрлық маммограф, рентген-қондырғы, УДЗ аппарат алынды.
Сондай-ақ, жас мамандарды тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді: облыстың медициналық ұйымдарына 116 жас маман жұмысқа қабылданды, оның ішінде 73 дәрігер, 43 орта медициналық персонал. Сонымен қатар, 83 резидент жергілікті атқарушы органның бюджеті есебінен жоғары медициналық оқу орындарына түсті.
-2023 жыл Алматы облысының Денсаулық сақтау саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа медициналық жабдықтар сатып алынды, жаңа ақпараттық технологиялар енгізілді. Облыс ауруханалары материалдық және кадрлық ресурстарды ұтымды пайдалану жағдайында жұмыс істеді, – дейді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.
Сондай-ақ 19 жедел медициналық жәрдем дислокациясының жұмысы қайта жанданды. 13 жаңа дислокация ашылды. Бүгінгі таңда облыста бір станция, он екі қосалқы станция және алпыс бір жедел медициналық жәрдем дислокациясы жұмыс істейді.

Соңғы мақалалар

Оқуға