spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысының бас полицейі тәртіп сақшылар үшін 2024 жылды "Профилактика жылы" деп...

Түркістан облысының бас полицейі тәртіп сақшылар үшін 2024 жылды “Профилактика жылы” деп атап, атқарылған жұмыстар бойынша жедел кеңес өткізді

️Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы облысқа қарасты барлық құрылым мен аудандық және қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады. Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында жыл бойына әр сала бойынша тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстың нәтижелері қаралды.

Жедел кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Сансызбайұлы Жолдасов, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Дәулетбайұлы Төлешов, 17 қала, аудан полиция бастықтары мен жеке құрам қатысты. Департамент бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ұйымдастырылған жиында құрылым бойынша баяндамалар жасалып, есеп берілді. 

Статистикаға сүйенер болсақ, Түркістан облысында 2023 жыл ішінде 5078 құқық бұзушылық анықталған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеп тұр. Ал қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 41,4 % (1496-дан 873-ке), көшедегі қылмыстар – 41,6 % (888-ден 546-ға), ұрлық – 34,3 %, қарақшылық – 50,0 % (6-дан 3-ке), мал ұрлығы – 16,5 % (1400-ден 920-ға), алаяқтық – 7,8 % (248-ден 247-ге) төмендеді. 

️Сондай-ақ жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысқан 18 қылмыстық топ құрықталып, 42 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олармен 59 дерек мал ұрлықтары жасалған. Азаматтарға мал ұрлықтарымен келтірілген шығын 21 млн. 258 мың теңгені құрады, қазіргі кезде олардың 87,2% немесе 18 млн. 546 мың теңгесі мал иелеріне қайтарылды (1 245 бас малдан, 656-сы иелеріне табысталды).

Жалпы 169 тіркелген мал ұрлығының 121 фактісі жайылымнан (71,6%), ал 48-і қорадан ұрланған (28,4%).

Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында мал иелерімен мүліктеріне өздері қарау немесе бақташы жалдау, сондай-ақ чиптарды орнату бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Ал “Цифрлық полицей” жобасы аясындағы ауқымды шаралар яғни сақшылар қызметке қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Жиналыс барысында облыстың бас полицейі 17 қалалық және аудандық полиция басшыларының жұмысын біртіндеп пысықтап шықты.

️Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов 2024 жылды "Профилактика жылы" деп атап, жасөспірімдер қылмысы, жол көлік оқиғалары, мал ұрлығы, алаяқтық, зорлық-зомбылық, нашақорлық, вандализм секілді бірқатар қылмыстардың алдын алу шараларын күшейтуді айтып, 15 бағыт бойынша нұсқаулар беріп, жыл соңына дейін әлі бірнеше күн бар сондықтан нәтижелі жұмыс көрсеткішін көрсетіп, азаматтар мерекеде демалып жатқанда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасауды тапсырды.

Соңғы мақалалар

Оқуға