spot_img
-6.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАғымдағы жылда ең көп таралған интернет-алаяқтық түрлері

Ағымдағы жылда ең көп таралған интернет-алаяқтық түрлері

Алаяқтар заманауи IT-технологиялар мен психологиялық әдістерді қолдана отырып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Fingramota.kz бұл материалда 2023 жылы ең көп таралған алаяқтық схемалары туралы әңгімелейді. 

Ақша жіберуді сұрау

Соңғы алты айда елде фишингтік шабуылдар жиілеп кетті. Алаяқтар WhatsApp мессенджерін пайдаланушының  шотына зиянды сілтеме арқылы қол жеткізеді және пайдаланушының барлық контактілеріне ақша жіберуді өтініп, мысалы, қаржылық жағдайының қиын екенін сылтауратып хабарлама жібереді. Алаяқтар қаражатты, әрине, шоттарға аударуды сұрайды. Сондай-ақ, күмәнді сілтемені алаяқтар конкурсқа немесе дауыс беруге қатысу ретінде жасыра алады.  

Емтихан тапсырусыз жүргізуші куәлігіне ие болу

Ағымдағы жылы алаяқтар емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу туралы ұсыныспен әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыруларды белсенді түрде орналастыра бастады. Бұл ұсынысқа сенген азаматтар барлық талаптарды бірден орындай бастайды: құжат алу үшін ақшаны және жеке деректерін жіберді. Бірақ ақшаны алғаннан кейін алаяқтар телефондарын өшіреді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға жауап бермейді. Жүргізуші куәлігін емтихан тапсырғаннан кейін ғана алуға болатындығын әрдайым есте ұстаған жөн.

Қайырымдылықты желеу ете отырып жасалатын алаяқтық

Соңғы уақытта қайырымдылық қызметі өте өзекті болды, өйткені атақты адамдар мен блогерлер қайырымдылықпен айналыса бастады. Олар ақша жинау науқандарын ашады, түрлі акцияларға қатысады, қажетті ақшаны жинау үшін тікелей эфирге шығады. Атақты адамдардың бастамалары да алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ. Олар балалардың интернеттен алынған фотосуреттерін пайдаланады, оларға жалған өмірбаяндар жасайды, қолданыстағы  барларымен араласып кетпеу үшін жаңадан қор құрады. Кейбіреулері тіпті салмақты көріну үшін, қорықпастан жұмыс істеп жатқан қорларды көрсетіп қояды. Сондай-ақ, алаяқтар қордан баланың суреті мен тарихын көшіре алады, бірақ астына өз деректемелерін қояды. Егер адамдар алдымен оның тарихымен танысып, тексеріп алған күннің өзінде, оның деректемелерін назардан тыс қалдыруы мүмкін, нәтижесінде ақша алаяқтарға кетеді.

Алаяқтарға қарсы іс-қимыл бойынша практикалық кеңестер:

Әдетте қарапайым болып көрінетін және ең маңызды бірінші қағида – қандай уәде берсе де, жеке деректеріңіз бен ақшаңызды бөгде адамдарға бермеңіз.

Алаяқтық туралы жаңалықтар топтамасына салғырт қарамаңыз: неғұрлым көп нәрсе білсеңіз, алаяқтардың қармағына түсу тәуекелі соншалықты төмен болады.

Әдетте балаларға дауыс беру, ұтыстар ойнату, викториналар және т.с.с. атын жамылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Ол жерге ешқашан жеке деректеріңізді енгізбеңіз.

Өзіңіздің WhatsApp-аккаунтыңызға байланыстырылған құрылғыны тексеруді әдетке айналдырыңыз. Егер таныс емес құрылғыны көрсеңіз оны бірден ажыратыңыз. Бұл үшін мына алгоритмді орындау қажет: WhatsApp-та жоғарғы оң бұрыштағы үш нүктені басыңыз және «Байланыстырылған құрылғыларды» басыңыз. Сізге тиесілі емес байланыстырылған құрылғыны көрісімен «Шығуды» басып, одан шығып кетіңіз.  

Заңды айналып өтіп, бірдеңе жасап береміз деген уәделерге сенбеңіз. Мысалы, жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-да ғана және емтихандардан сәтті өткеннен кейін ғана  алуға болады.  Оларды жеке тұлғалар немесе компаниялар емес, уәкілетті орган ғана береді.

Қандай да бір құжатты ресімдеуді шеше отырып, оларды мемлекеттік органдардың ресми аккаунттарынан алу тетігін мұқият зерделеңіз – сол кезде алаяқтар сізді алдай алмайды.

Әлеуметтік желілерде баланы емдеуге ақша жинау туралы хабарламаны көрсеңіз, ілеспе құжаттарын мұқият зерделеңіз. Егер нақты қор көрсетілсе, оның сайтына кіріп, бала олардың базасында расымен де бар-жоғын тексеріңіз. Сондай-ақ балалардың суреттерін браузерлер арқылы тексеріңіз, алаяқтар суретті жай ғана ұрлап саулары да ықтимал.

Қайырымдылыққа жеке нөмір бойынша ақша аудармауға тырысыңыз – деректемелерін сұрап, оларды тексеріңіз. Балалардың ата-анасы немесе жануарларға арналған панажай иелері ақшаны неғұрлым жылдам жинау  үшін расымен өз нөмірлерін қоса берулері ықтимал, алайда мұндай жағдайда ақпаратты мұқият тексеріңіз.

Өзіңізге және ақшаңызға сақ болыңыз, Fingramota.kz-пен бірге жаңа алаяқтық схемалары туралы хабардар болыңыз! 

Соңғы мақалалар

Оқуға